Қазақ халқының біртұтас болуы
Көршілермен қарым-қатынас
Қазақ хандығының тарихи маңызы
Қазақ хандығы — қазақ халқының тарихи негізін қалаған, XV ғасырда құрылған дербес мемлекет. Ол қазақ рулары мен тайпаларын бір мақсатқа біріктіріп, Ұлы Даланың саяси, мәдени және экономикалық дамуына үлкен әсер еткен.
Қазақ хандығының құрылуы Керей мен Жәнібек хандардың есімімен тікелей байланысты. Олар Әбілқайыр хандығындағы ішкі тартыстардан алыстап, Шу өңіріне қоныс аударып, осы жерде жаңа хандықтың негізін қалады.
Бұл оқиға қазақ халқының дербес ел ретінде қалыптасуындағы шешуші кезең болды.
Қазақ хандығы құрылғаннан кейін өз шекарасын біртіндеп кеңейтіп отырды. Қасым ханның, Хақназар ханның, Тәуекел ханның, Есім ханның және Тәуке ханның тұсында хандық ең күшті кезеңіне жетті.
Менің атым — Рауан Мухаметкарымов
Мен Zialu Urpaq мектебінің оқушысымын, D-2 сыныбында оқимын.
Шығармашылық ҰБТ бағытында білім алып жатырмын.
Бұл сайтты мен тек тәжірибе үшін жасап отырмын, сондықтан кейбір мәліметтер толық дәл болмауы мүмкін.
Мен үшін ең маңыздысы — жаңа нәрселерді үйрену, шығармашылықпен айналысу және өзімді дамыту.
Егер ұнаса, менің жұмысымды бағалап, Instagram парақшама жазылып қойсаңдар, қуаныштымын!
- «Есім ханның ескі жолы» заңдарын жасады, ел ішіндегі тәртіпті күшейтті.
- Жергілікті билер мен сұлтандардың арасындағы дау-жанжалдарды реттейтін нақты ережелер енгізді.
- Сауда-саттық пен қалалар арасындағы экономикалық қатынасты дамытуға көңіл бөлді, сауда жолдарын қорғауды ұйымдастырды.
- «Жеті Жарғы» заңдар жүйесін қабылдатты.
- Үш жүздің билерін біріктіріп, хандықты бірлікке шақырды.
- Қазақтың «алтын ғасыры» деп аталатын кезеңді құрды.
Қазақ хандығы:- Ноғай Ордасымен
- Моғолстанмен
- Шайбанилермен
- Жоңғарлармен
қарым-қатынаста болды. Екі жақты
дипломатиямен де, қажет жағдайда
әскери күшпен де елдің мүддесін қорғады.
Қазақ хандығы қазіргі Қазақстан мемлекетінің саяси, мәдени және рухани негізін құрды. Оның арқасында:
- қазақ халқы толық қалыптасты;
- қазақ тілі мен мәдениеті сақталды;
- мемлекеттілік дәстүр жалғасты.
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан — сол хандықтың заңды жалғасы.
Қазақ хандығының басты мақсаты — әр түрлі рулар мен тайпаларды бір шаңырақ астына біріктіру еді. Уақыт өте келе бұл мақсат орындалып,
қазақ үш жүзі:бір халық ретінде бірікті.
Бұл бірлік кейінгі кезеңдердегі сыртқы қауіп-қатерге қарсы тұруда шешуші рөл атқарды.
- Халық санын 1 миллионнан асырды.
- Қазақ жерінің аумағын үлкен деңгейге дейін кеңейтті.
- «Қасым ханның қасқа жолы» атты заңдар жинағын енгізді.
Шынайы тарих – ұлттың жаны. Ұлттың жаны жоқ жерде болашақ жоқ.
Мұхтар Мағауин